Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары Қырғызстанда кездесті

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің үкімет басшылары Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында кездесті.

19 Ağustos 2021 20:15

Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы Ұлықбек Мәріпов, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченкомен, Қазақстан Премьер-министрі Асқар Маминмен, Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинмен, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен және Еуразиялық экономикалық комиссия басқармасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті.

Мәріпов Ауғанстандағы оқиғаларды алаңдаушылықпен бақылап отырғанын атап өтіп, бұл жағдайдың Орталық Азия елдеріндегі қауіпсіздікке белгілі бір әсер етуі мүмкін екендігін айтты.

Мәріпов: "Соңғы уақытта әлемнің көптеген бөліктерінде, соның ішінде Еуразия елдерінде әртүрлі табиғи апаттар жиі бола бастады. Біздің одақ бірлескен күш-жігер мен өзара қолдаудың арқасында туындайтын жаңа сын-қатерлерді еңсере алатынына сенемін."- деді.

ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында 20 түрлі мәселе, оның ішінде елдердің өзара саудасын сақтандыру арқылы қолдау талқыланатыны күтілуде.

Жаңалықтар