flyarystan

FlyArystan әуе компаниясының Түркістан-Сабиха Гөкчен әуежайы рейстері басталды

Air Astana ұлттық әуе жолдарының еншілес компаниясы FlyArystan, Түркістан қаласынан Ыстамбұлдағы Сабиха Гөкчен әуежайына ұша бастады.

29 Mart 2021 11:28

Түркістан қаласынан ұшып келген алғашқы Түркістан-Сабиха Гөкчен рейсінің жолаушыларын әуежайдың қызметкерлері гүлдермен қарсы алды. Жалпы алғанда 160 жолаушы Ыстамбұлға FlyArystan әуекомпаниясы арқылы келді.

FlyArystan соңғы айларда, коронавирустың өршуіне қатысты, Сабиха Гөкчен әуежайына рейс жасаған бірінші жаңа әуекомпаниясы болды.

Түркістан-Сабиха Гөкчен әуе рейстері аптасына екі рет жұма және жексенбі күндері іске асырылады. Ұшақ рейстері үшін сыйымдылығы 180 орындық "Airbus A320" әуе көліктері пайдаланылатын болады.

Туристер Түркістанға қызығушылық танытуда

Бүгінгі таңда Түркістан шетелдік туристердің үлкен қызығушылығын тудырады, соңғы жылдары қала дамып келе жатқандығымен ерекшеленеді.


Айта кетейік, "Пегасус" әуекомпаниясы эпидемия басталмастан бұрын Сабиха Гөкчен әуежайынан Қазақстанның Алматы қаласына сапарларды орындаған, алдағы айларда бұл рейстердің қалпына келтіру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Сабиха Гөкчен әуежайынан 37 елдің 117 аймағына рейстер жүргізілуде. Бұл рейстердің 80-і халықаралық деңгейде, ал 37-і ел іші деңгейде орындалады.

Anahtar Kelimeler: Түркістан, Қазақстан,

Жаңалықтар