«Грэмми» премиясын ұтып алған алғашқы қазақ

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek атымен танымал) 63 рет ұйымдастырылып отырған «Грэмми» жүлдесінің «ең үздік ремикс» санатында жеңімпаз атанды.

15 Mart 2021 18:43

"Ремикстердің үздік жазбасы" санатында жеңген 21 жастағы Иманбек Зейкенов, Saint JHN’nin "Roses" атты әніне жасаған ремикс үшін марапат алды.

Қарастырылып отырған музыка санатында Morgan Page, Louie Vega, RAC ve Haywyre сияқты атаулармен бәсекелес болған Зейкенов әлемдегі ең беделді музыкалық байқауын премиясына лайық болған алғашқы қазақ ретінде тарихта қалды.

Қуанышты хабарды алған Иманбек Зейкенов алдымен ата-анасына алғыс айтқысы келетінін айтты.

Атақты болғанға дейін Зейкенов теміржол станциясында жұмыс істеген болатын.

2016 жылы америкалық рэпер Saint JHN’nin "Roses" әні 2019 жылы қазақстандық Иманбек Зейкеновтың ремиксінен кейін бүкіл әлемде танымал болды.

Зейкенов ремиксті небәрі 2 сағат 20 минутта жасаған деп хабарланады. Сондай-ақ бұл ән 20 апта қатарынан әлемнің ең көп тыңдайтын 100 әнінің тізімінде топ-10-да орын алды.

Әлеуметтік желілер арқылы танымал болған Зейкенов, 17 жастан бастап электронды музыкаға қызығушылық танытып, әлемге әйгілі есімдердің әндеріне ремикс жасайды.

Зейкенов өз отбасымен бірге Павлодар облысында Ақсу қаласында тұрады және де аталған қаланың Теміржол колледжінде оқиды.

63-ші Грэмми премиясы Америкадағы Лос-Анджелес Конгресс орталығында өтті.

Коронавирусқа байланысты рәсім онлайн өткізілді. 

Anahtar Kelimeler: Иманбек Зейкенов, Грэмми алған алғашқы қазақ,

Жаңалықтар