Иранның СІМ басшысы Зариф: "Қазақстанның Бендер-Аббас портына кіруін қолдаймыз"

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтанға сапармен келген Иран СІМ басшысы Мұхаммед Джавад Зарифпен кездесті.

07 Nisan 2021 14:49

"Біз Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифпен жемісті кездесу өткіздік, оның барысында елдер арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оның даму перспективалары талқыланды. Нұр-Сұлтан мен Тегеранның өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша өзара ұстанымдары жөнінде пікір алмасты", - деп хабарлады Мұхтар Тілеуберді.

Тілеубердінің айтуынша, бүкіл әлемді қамтыған жаңа типтегі коронавирустық пандемия (COVID-19) бүкіл халықаралық қатынастар жүйесіне қатты әсер етті.

"Дегенмен, пандемия қаупі жеңілдегеннен кейін біз екіжақты іс-шаралар өткізуге келістік. Бүгін біз Каспийге қатысты екіжақты және көпжақты ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөлдік.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі, 2018 жылы Ақтауда өткен Бесінші Каспий саммитінің тарихи маңыздылығын ерекше атап өтті. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияның баптарын орындау және Ақтау саммитінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қажеттігі туралы уағдаласты", - деді министр.

Тілеуберді, 2020 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы сауда көлемі 37,2 пайызға төмендеп, 237 миллион доллар болғанын мәлімдеді. "Екі ел арасында өзара сауданы арттыру туралы келістік. Осыған байланысты Парсы шығанағына, сондай-ақ Еуропа, Ресей және Қытай нарығына тез жетуге мүмкіндік беретін Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол желісінің әлеуетін толық қуатына пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді."- деп түйіндеді министр.

Өз кезегінде Иранның Сыртқы істер министрі Зариф, Каспий теңізі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп: "Біздің елдеріміздің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығы өте маңызды. Біз Қазақстанның Бендер-Аббас портына кіруін қолдаймыз және оған қажетті жағдайларды қамтамасыз етеміз."- деді Иран министрі.

Anahtar Kelimeler: Қазақстан, Мұхтар Тілеуберді,

Жаңалықтар