"Көк Бөрі" ұлттық ойыны ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді

Орта Азиядан Анатолыға дейін таралған "Көк Бөрі" - ұлттық ат ойыны.

02 Nisan 2021 23:55

"Көк-Бөрі" ұлттық ойынының 5 мыңдық тарихы бар, ежелгі заманда жауынгерлер өздерін сау және мықты ұстау үшін ат ойындарымен айналасқан. Қазіргі уақытта бұл улттық спорт шеру, әр түрлі мерекелерде және іс-шараларда еске алынып, ойналады.

Орта Азиядан Анатолыға дейін тараған түркі халықтары үшін ат ойындарының маңызы зор. 

Қазақ мәдениетінде "Көкпар" деп аталатын ат ойыны, басқа түркітілдес елдерде "Бузқашы", "Көкбөру", "Көкпері", "Көккері", "Оғлақ" деп те аталады.

Ойын ат үстіндегі ойыншы лақты ұстап алғаннан кейін қарсыластың қамалынан өтіп, ұпай жинауға негізделген.

Көптеген ғасырлар өткеніне қарамастан "Көк Бөрі" ат ойыны әлі де Қазақстанда, Түркияда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түркіменстанда, Моңғолияда, Тәжікстанда және Ауғанстанда ойналады. 

Ат үстіндегі ойыншының күші мен шеберлігі аттың жылдамдығынан гөрі маңызды, бұл ұлттық ойын жастарға әскери сипаттамаларды үйретеді, ат пен шабандоздың арасындағы бейімдеуді нығайтады, сондықтан түркі әлемінің халықтары ғасырлар бойы соғысқа жаттығу ретінде бұл ойынды қолданған. 

Ежелгі заманда кез-келген уақытта соғысқа дайын болу үшін жауынгерлер "Көк Бөрі" ойнаған, ал қазіргі уақытта түркі халықтары тарапынан фестивальдарда, мерекелерде және үйлену тойларында ойналатын ойын ұрпақтан-ұрпаққа берілуге ұмтылынады. 

Anahtar Kelimeler: Көкпар,

Жаңалықтар