Кілем тоқу дәстүрі: Кашкай түріктері

Иранда өмір сүретін Кашкай түріктерінің мәдениетінде кілем тоқу өнері ең маңызды дәстүрлердің бірі болып саналады.

27 Nisan 2021 19:15

Иранда тұратын Кашкай түріктері жазды жайлауда, ал қысты жазықта өткізеді. Бұл көшпелі халықтың әйел адамдары ұрпақтан ұрпаққа кілем тоқу өнерін жеткізуге тырысады.

Геран Тахири - Кашкай түрік әйелі, кішкентай кезінен бастап кілем тоқуды үйренуге бастаған. "Оқу, жазуды білмесем де, кілемдерді басынан аяғына дейін өзім тоқып бітіремін. Кілемнің жібін де өзім дайындаймын" - дейді Геран Тахири.

Бүкіл көшпелі халықтардың ортақ өнері - кілем тоқу, бұл көл өнері қыздарға да келіндерге де үйретіледі.

"Бір кілемді тоқу бір айдан алты айға дейін созылуы мүмкін, тоқыған кілемдерімнің үстіндегі арыстан, ат және кұс суреттеріні қаяли дүниемнен шығардым. Бұл өнерді балаларымызға үйреті борышымыз болып саналады", - деп жалғастырды Геран Тахири.

Қол өнерді ұрпақтан-ұрпаққа аманаттау - міндет

Фатемах Надири - Фарсимедан руынын әйелі: "Біз мәдениетіміздің жойылғанын қаламаймыз. Сондықтан қол өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге тырысамыз. Ұлтымыздың ежелгі әдеттерінің бірі намаз киімдерінің жабдығын және жайнамаз тоқу. Үлкендеріміз бізге үйретеді және біз орындаймыз." - деп бөлісті.

Кілем тоқу - бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шыққан өнер.

 

Жаңалықтар