amina-jewels-ka

Көшпенділердің тарихы мен мәдениетін баяндайтын қазақ бренді - "AMINA JEWELS Kazakhstan"

Амина Шукпарова, екі кішкентай қызының сұрағына жауап іздеу аясында қазақ ұлттық зергерлік бұйымдарды күнделікті өмірде қолдану керек екенін түсінді

12 Mart 2021 16:24

"Қазіргі таңда интеграциялық процестерге қарай өмір сүру маңызды, бірақ бұл процес арасында біз ата-бабаларымызбен, мәдениетіміз және дәстүрімізбен болған байланысымызды жоғалта аламыз"- дейді Амина Шукпарова, AMINA JEWELS Kazakhstan" брендінің авторы әрі иесі. 

Бірде Аминаның кішкентай қыздары оның қолындағы "Құсмұрын" қазақ жүзігінің нені білдіретінін сұрады. Бұл сұраққа жауап іздеу және зергерлермен жеке танысу, жас ананы балаларға ұлттық зергерлік бұйымдарды кию керек деген ойға алып келді.

Бастапқыда бренд тек балаларға арналған еді, бірақ балаларды ұлттық мәдениетке баулу отбасылық құндылықтар арқылы өтеді, осыған байланысты "Береке", "Қыз ұзату", "Махаббат күші" секілді коллекциялар жарыққа шықты.

Шукпарова өз бренді арқылы көшпенділердің мәдени мұрасын сақтау жолындағы үлесін қосуға ұмтылады. Брендтің авторы Қазақстан халқына зергерлік бұйымдарды ұсына тұрып, шетелде де өнер сүйер қауымдардың сұраныстарына жауап беруде.

"AMINA JEWELS Kazakhstan" брендінің ерекшеліктері - жоғары сапа мен зергерлердің қол жұмысы.

Бұл бұйымдарда дана көшпенділер ойының энергиясы жатыр

Ежелгі өнер мен даналықтың үйлесімі қазіргі қазақтарға түсінікті және жақын. Ерекше зергерлік жауһарлар шексіз қазақ даласының жанды тынысын алып жүреді. Қазақтың ұлттық әшекейлері ғасырлар бойы әйелдерді күшейтіп, ер адамдарға ерік-жігер берді, балаларға тұмар ретінде қызмет етті. Олар ата-бабаларымыздың негізгі құндылықтарын бейнелейді: жоғары күштерге сену, дәстүрлерді құрметтеу, ұрпақтар сабақтастығы, табиғатпен үйлесімділік, жануарларға деген махаббат және тағы басқалар.

Амина Шукпарова ұлттық әшекейлер арқылы қазақтын болмысын, тарихын, дәстүрін көрсетуге тырысады.  Көшпенділердің тарихы мен мәдениетін баяндайтын бренд, әлемдік тренттерді де ескере отырады. Заманауи дизайн және ежелгі зергерлік техникасымен жасаланатын әшекейлер күнделікті өмірде де қолданылуға ыңғайлы.

 

 

Anahtar Kelimeler: зергерлік бұйымдар, AMINA JEWELS Kazakhstan", Амина Шукпарова, Қыз ұзату, Махаббат күші, Береке,

Жаңалықтар