5

Кеңес Одағының саясаты салдарынан қайтыс болған 5 миллион қазақ бүгін еске алынуда

Кеңес үкіметінің XX ғасырдың бірінші жартысында қазақтарды жою үшін жүргізген ашаршылық саясатының салдарынан 5 миллионнан астам адам қайтыс болды.

02 Haziran 2021 17:56

31 мамыр - Қазақстанда Кеңес одағының көшбасшысы Иосиф Сталиннің кезінде елімізде жүргізген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық саясатынан құрбан болған адамдарды еске алу күні.

XX  ғасырдың бірінші жартысында Кеңес Одағының екінші үлкен елінің (Қазақстан) басына Филипп Голощекин, Сталиннің бұйрығымен келеді.

Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып тағайындалған Голощекин, қызметке кіріскеннен кейін бірден елде "Кіші Октябрь революциясы" саясатын жүргізе бастады.


Голощекин жергілікті халықтың едәуір бөлігінің ауылдардағы мал шаруашылығымен өмір сүргенін біле тұра, жаңа шешім қабылдады. Тарихта ұжымдастыру деген атпен белгілі және казактарды отырықшы өмір салтына үйрету үшін қабылданған шешім бойынша бай шаруалардың, сондай-ақ орта таптың адамдарының өмір сүруінің жалғыз көзі болған жануарлар тәркіленді.


Статистикаға сәйкес, Қазақстандағы ірі қара малдың саны ұжымдастыруға дейін 45 миллионды құрған, ал бірнеше жыл ішінде бұл көрсеткіш 4 миллионға дейін төмендеді.
Бұл 1930-1933 жылдары болған "үлкен ашаршылық" оқиғаларына себеп болды. Жалпы алғанда, аштық кезеңінде елде 6 миллион адамның 2,5 миллионға жуығы қайтыс болды.

"Тоталитарлық Кеңес үкіметінің басты мақсаты осы кең жерлерді казактардан босату болды"

"Үлкен ашаршылық" оқиғалары болған кезде 3 жасар бала болған профессор, доктор Мекемтас Мырзахметов ашаршылық кезінде анасымен бірге басына келген шынайы отбасылық оқиғаны айтып берді.

Мырзахметов әкесі шебер болғанын атап өтіп, ауылдың бай отбасыларының санатына кіргендіктерін және бірнеше рет қысымға ұшырағандықтарын айтты.

"Біздің үй өртенді. Менің әкем түрмеге "халық жауы" ретінде жіберілді. Анам, қарындасым және мен далада қалдық",- деді Мырзахметов мырза.

Кейін анасының ағасына көрші ауылға көшуге шешім қабылдағанын және көлігі жоқ болғандықтан жаяу барғанын айтқан Мырзахметов: "Біз жолда келе жатқанда қасқырлар табынына тап болдық. Мен әлі баламын, бірақ мен аштықтан ауылдарға түсіп жатқан қасқырлардың көздерін көрдім, анамның етегіне қорқыныштан жасырынғаным есімде. Егер біз қашуға тырыссақ, олар үшеуімізге шабуыл жасар еді. Анам мұны түсінгеннен кейін, менің 8 айлық қарындасымды жерге қойып, қолымды мықтап ұстап жүгіре бастады. Біз қашып бара жатқанда, қарындасымның соңғы рет жылағанын естідік. Содан кейін анам сол жерге қайта барғанда қарындасымның теқ ғана шашын таба алды"- деді Мырзахметов мырза.

Мырзахметов ашаршылықтан кейін 17 адамнан тұратын отбасынан небәрі 3 адам қалғанын, ал оның ауылында ондаған отбасы көрші елдерге қоныс аударуға мәжбүр болғанын айтты.

Мырзахметов ашаршылық әдейі жасалғанын және бұл геноцид екенін атап өтіп, тоталитарлық Кеңес үкіметінің басты мақсаты-  кең байтақ жерлерді казактардан босату екенін, бұл мәселені тарихшылар тереңірек зерттеуі керек екенін ескертті.

Аштықтан 5 миллионға жуық казак қаза тапты

Қазақстанның Анкарадағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы елдегі ашаршылық салдарынан қазақ халқының 70 пайызға жуығы қаза тапқанын атап өтті.

"Біріншіден, біз бұл оқиғалар табиғи апат салдарынан болған "аштық" емес, жоспарлы және бағдарламалық түрде ұйымдастырылған "аштық" екенін ашық айтуымыз керек", - деді Сапарбекұлы.

"Кеңес үкіметінің ұжымдастыру саясаты казактарды бақылау үшін ұйымдастырылған еді", - деді Елші.

Сапарбекұлы, XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда бір емес, үш рет ашаршылық болғанын атап өтіп: "Жалпы алғанда 5 миллионнан астам қазақ 1918, 1921 және 1930 жылдардағы ашаршылық салдарынан қаза тапты. 1929-1933 жылдар аралығында еліміз бойынша Голощекинге қарсы 372 көтеріліс болды, бірақ билік халық көтерілісін күшпен басып тастады", - деді Сапарбекұлы.

"1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін қазақ зиялылары саяси тұрғыдан ұйымдаса бастады. Осылайша, Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметі құрылды. Ресейде билікке келген большевиктер алдымен Алаш зиялыларымен татуласты, ал кеңестік режим нығайтылғаннан кейін казак қоғамы лауазымында жұмыс істеген зиялыларға қарсы "қызыл террор" деп аталатын репрессия саясатын жүргізді. Қазақ зиялылары "ұлтшылдар", "пантуркистер", "агенттер" деп айыпталып, "халық жауы" деп жарияланды. "Қызыл террор" кезеңінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам қоныс аударуға мәжбүр қалып, 25 мыңнан астам адам атылды. Зиялылардың әйелдері мен балалары да "АЛЖИР" лагеріне (Ақмоланың халық сатқындары әйелдерінің лагері) жіберілді."- деді Елші.

Қазақстан тәуелсіздігін қайта алғаннан кейін (1991), 340 мыңнан астам саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталды.

Сапарбекұлы, 31 мамыр күні Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен 1997 жылы "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні" болып жарияланғанын еске салды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалтумен айналысатын мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын еске салды.

Жаңалықтар