5

Кеңес Одағының саясаты салдарынан қайтыс болған 5 миллион қазақ бүгін еске алынуда

Кеңес үкіметінің XX ғасырдың бірінші жартысында қазақтарды жою үшін жүргізген ашаршылық саясатының салдарынан 5 миллионнан астам адам қаза болды.

31 Mayıs 2022 12:15

31 мамыр - Қазақстанда Кеңес одағының көшбасшысы Сталиннің кезінде елімізде жүргізген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық саясатынан құрбан болған адамдарды еске алу күні.

XX  ғасырдың бірінші жартысында Кеңес Одағының екінші үлкен елінің (Қазақстан) басына Филипп Голощекин, Сталиннің бұйрығымен келеді.

Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып тағайындалған Голощекин, қызметке кіріскеннен кейін бірден елде "Кіші Октябрь революциясы" саясатын жүргізе бастады.

Голощекин жергілікті халықтың едәуір бөлігінің ауылдардағы мал шаруашылығымен өмір сүргенін біле тұра, жаңа шешім қабылдады. Тарихта ұжымдастыру деген атпен белгілі және казактарды отырықшы өмір салтына үйрету үшін қабылданған шешім бойынша бай шаруалардың, сондай-ақ орта таптың адамдарының өмір сүруінің жалғыз көзі болған жануарлар тәркіленді.

Статистикаға сәйкес, Қазақстандағы ірі қара малдың саны ұжымдастыруға дейін 45 миллионды құрған, ал бірнеше жыл ішінде бұл көрсеткіш 4 миллионға дейін төмендеді.
Бұл 1930-1933 жылдары болған "үлкен ашаршылық" оқиғаларына себеп болды. Жалпы алғанда, аштық кезеңінде елде 6 миллион адамның 2,5 миллионға жуығы қайтыс болды.

Аштықтан 5 миллионға жуық қазақ қаза тапты

Елімізде болған ашаршылық салдарынан қазақ халқының 70 пайызға жуығы қаза тапты.

XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда бір емес, үш рет ашаршылық болды.

Жалпы алғанда 5 миллионнан астам қазақ 1918, 1921 және 1930 жылдардағы ашаршылық салдарынан қаза тапты. 1929-1933 жылдар аралығында еліміз бойынша Голощекинге қарсы 372 көтеріліс болды, бірақ билік халық көтерілісін күшпен басып тастады.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін қазақ зиялылары саяси тұрғыдан ұйымдаса бастады. Осылайша, Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметі құрылды. Ресейде билікке келген большевиктер алдымен Алаш зиялыларымен татуласты, ал кеңестік режим нығайтылғаннан кейін қазақ қоғамы лауазымында жұмыс істеген зиялыларға қарсы "қызыл террор" деп аталатын репрессия саясатын жүргізді. Қазақ зиялылары "ұлтшылдар", "пантуркистер", "агенттер" деп айыпталып, "халық жауы" деп жарияланды. "Қызыл террор" кезеңінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам қоныс аударуға мәжбүр қалып, 25 мыңнан астам адам атылды. Зиялылардың әйелдері мен балалары да "АЛЖИР" лагеріне (Ақмоланың халық сатқындары әйелдерінің лагері) жіберілді.

Қазақстан тәуелсіздігін қайта алғаннан кейін (1991), 340 мыңнан астам саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталды.
Соңғы жылдары Мемлекеттік комиссия қызметінің шеңберінде прокуратура органдары жаңа деректерді анықтады және прокурорлық қадағалау тәртібімен 250 мыңнан астам азамат ақталды. Ақталғандардың негізгі бөлігі жер аударылған және күштеп көшірілген азаматтар.


 

Жаңалықтар