3-9

Келесі жылы Қазақстан экономикасында 3,9% - ға өсу күтілуде

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022 жылы ел экономикасының 3,9 пайыз деңгейінде өсетінін хабарлады.

25 Ağustos 2021 05:47

Министр Ерғалиев Министрлер кабинетінің отырысында 2022-2026 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі болжамды баяндаманы ұсынды.

Ерғалиев базалық сценарий аясында жалпы өндірістің орташа жылдық өсімі 4,8 пайызға бағаланатынын атап өтіп: "Бюджеттік жоспарлау үшін базалық сценарийді пайдалану ұсынылды. Қаралып отырған жоспарға сәйкес, 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі болжам бойынша 3,9 пайызды құрайды, ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 5,2 пайызға дейін өседі. Келесі жылы біз барлық салаларда оң өсуді күтеміз,"- деді.

Министрдің айтуынша, 2022 жылы елімізде 87,9 млн тонна мұнай өндірілетін болады, Ерғалиев: "2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 107,4 млн тоннаға дейін өседі. Біз экспорт келесі жылы $ 60 млрд-тан 2026 жылы $ 79,8 млрд-қа дейін өседі деп болжап отырмыз,"- деп жалғастырды.

Қазақстан Ұлттық банкінің президенті Ерболат Досаев осы жылдың соңына қарай ел экономикасы 3,7 пайызға өсіп, індеттен бұрын болған деңгейге оралады деп күтетінін атап өтті.

Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында ел экономикасының 2,7% - ға өкені тіркелді.

Жаңалықтар