Халықаралық келісімдерді мақұлдау туралы шешімдер Түркияның "Ресми Газетінде" жарияланды

Түркия Әзірбайжан, Палестина, СКТР, Қазақстан және Қырғызстанмен жеке-жеке қол қойған түсіністік меморандумдар мен келісімдерді күшіне енгізу әрі мақұлдау туралы шешімдер жарияланды

22 Mart 2021 12:15

СКТР астанасы Никосияда 2018 жылы "Түрік Республикасы мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы дүлей зілзалалар мен төтенше жағдайларды басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім" екі ел арасындағы дүлей зілзалалар мен төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған.

Ыстамбұлда 2016 жылы "Түркия Республикасы мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық" туралы келісімге қол қойылды, бұл келісімнің мақсаты Түркия мен СКТР арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту.

Әзірбайжан астанасы Бакуде 2020 жылы "Түркия Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы БАҚ саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға" сәйкес екі ел арасындағы медиа-қатынастарды дамыту және "ортақ медиа-платформа" құру жоспарлануда.

Түркияның астанасы Анкарада 2018 жылы "Түркия Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени орталықтар құру, олардың жұмыс істеуі және қызметі туралы келісімге" қол қойылды, онда екі елдің достығы мен ынтымақтастығының мәдени тұрғыдан дамуы қарастырылады.

Түркия Республикасы мен Палестина мемлекеті арасындағы бірлескен комитеттің шешімдері нәтижесінде пайда болған "Уақытша еркін сауда туралы келісім" туралы жарлық 2020 жылдың қаңтарында жарияланды.

2018 жылы, қыркүйек айында Анкарада "Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойылды, бұл келісімнің мақсаты ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастық болып табылады.

Қырғызстан астанасы Бішкекте "Түркия Республикасы мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы "Қырғыз-түрік достығы" мемлекеттік ауруханасын ашу және пайдалануға берілуі туралы келісімге", сондай-ақ "Қырғыз Республикасы азаматтарының Түркияда медицина саласында мамандандырылған білім алу туралы келісімге" қол қойылды.

Anahtar Kelimeler: Түркия, СКТР, Әзірбайжан, Қазақстан, Палестина, Қырғызстан, меморандум, келісім, Ресми Газет,

Жаңалықтар