Халықаралық Түркі академиясы «Ұлы тұлғалар және Түркі әлемі» атты іс-шара ұйымдастырды

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиынға Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі және көптеген қонақ қатысты.

28 Nisan 2022 16:53

Анкара қаласында Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің қолдауымен «Ұлы тұлғалар және Түркі әлемі» атты іс-шара ұйымдастырды.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиынға Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшісі Еркебұлан Сапиев, Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Жақып Өмероғлы, Хаджеттепе Университетінің профессоры Осман Хората, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері мен танымал ғалымдар, елшілік қызметкерлері, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара аясында Халықаралық Түркі академиясы әзірлеп жарыққа шығарған бірқатар еңбектердің таныстыру рәсімі өтті.

 

Жаңалықтар