Халықаралық Түркі Академиясы Наурыз мерекесіне байланысты іс-шара өткізді

Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда көктем мен жаңа жылдың жаршысы - Наурыз мейрамы атап өтілді.

21 Mart 2022 19:25

Академия президенті Дархан Қыдырәлінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Мажарстан және Моңғолияның Өкілетті Елшілері, сондай-ақ дипломаттар, ғалымдар, депутаттар мен баспасөз өкілдері қатысты.

Іс-шарада қонақтар Наурыз мерекесіне байланысты салт-дәстүрлермен таныстыратын көрмені тамашалады.

Халықаралық Түркі Академиясы ғимаратының бақшасында құрылған ақ шатырда қонақтарға Наурыз мерекесінің дәстүрлі тағамдары ұсынылды.



 

Жаңалықтар