30

Халықаралық Түркі академиясы "Түрік интеграциясының 30 жылдығы" атты конференция өткізді

Онлайн форматта өткен басқосуға Түркі мемлекеттері ұйымының тұңғыш Бас хатшысы Халил Акынджы, Әзербайжан Республикасының алғашқы Премьер-министрі Гасан Гасанов, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің Қазақстан тарапынан өкілі Икрам Адырбеков, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының бірінші вице-президенті Иса Габибейлі, сонымен қатар елшілер, дипломаттар, депутаттар, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

12 Mart 2022 15:13

Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен түркі мемлекеттері арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті. Аталған конференцияда Түркі интеграциясының 30 жылдығына арналған кітап жарық көрді.

Кітапта түбі бір түркі елдері мен халықтары ынтымақтастығының 30 жылдық белесінде елеулі еңбек еткен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым басшылары мен елшілері, сарапшылары мен ғалымдарының естеліктері және пайымды пікірлері жинақталған. Жинақтағы мақалаларға бауырлас елдердің интеграциялық үдерістері, соның ішінде ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықтың қайта жаңғыруы арқау болған.

 

 

Жаңалықтар