Лавров: "Жай ғана келіссөздер болғанын қаламаймыз"

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Анталияда Ресей-Түркия-Украина Сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін мәлімдеме жасады.

10 Mart 2022 15:24

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Анталияда Ресей-Түркия-Украина Сыртқы істер министрлерінің үшжақты кездесуінен кейін мәлімдеме жасады.

Сергей Лавров:

- Біз Украина дағдарысының астындағы мәселелерді шешуге күш саламыз. Келіссөздердің мәселені шынымен шешуге бағытталғанын қалаймыз. Кездесу қорытындысы бойынша мәселені келіссөздер арқылы реттеу - басқа ештеңені алмастырмайтынын түсіндік. Түрік достарымыздың бастамасымен гуманитарлық мәселелерді талқыладық. Біз бейбіт тұрғындарға зиян тигізбеу үшін қандай шаралар қабылдау керектігін талқыладық. Себебі қарапайым азаматтар "қалқан" ретінде қолданылуда. 

- Ресей тарапының гуманитарлық дәліз ашу туралы ұсынысын қайталадық. 

- Біз Украина дағдарысы барлық тараптар мен Еуропалық Одақтың пікірін ескере отырып шешілуі керек деп санаймыз.

- НАТО біз үшін не маңызды екенін қалай шеше алады? Біз Украина қауіпсіздігін қорғауға қарсы емеспіз. Сондай-ақ өзімізді ақтауға күш салып тұрған да емеспіз.

- Біз өз мақсатымызды нақты тұжырымдадық - Украинаның қаруландырылуын қаламаймыз. Украинада жаңа нацистік үкіметтің құрылуына қарсымыз. Біз Украинаның бейтарап ел болғанын қалаймыз.

- В. Путин ешқашан келіссөздерден бас тартпайды. Бірақ біз Жай келіссөздер болғанын қаламаймыз. Бұл туралы Кулебамен де сөйлестік.

- Украинаға қатысты шешім қабылдаған кезде Ресейдің пікірін ескеру қажет деп санаймыз. Біз Украинаның тәуелсіз ел болғанын қалаймыз. Біз жаңа нацистік Үкіметтің Украинаға қауіп төндіргенін қаламаймыз. Біздің басты мақсатымыз - жағдайды дипломатиялық жолмен шешу.

- "Пентагон Украинада ондаған әскери биологиялық зертханалар құрды" деген ақпарат алаңдаушылық тудырады. Біз осы сұрақтарға жауап алғымыз келеді.

- Біз cанкциялар мәселесін ешқашан батыстықтарға тәуелді болмайтындай етіп шешеміз.

- Бізді шақырған, бізге қолдау көрсеткен, мәселені шешуге күш салған елдерге алғыс айтамыз.

- Ресей ядролық соғысты қаламайды.

Жаңалықтар