Әли Кушчи - әйгілі түркі астроном, математик және тіл ғаламы

Әли Кушчи (1403-1474) - Ортаазиялық математик және астроном. Ұлықбектің, әл-Каши мен Қази-заде ар-Румидің шәкірті. Қази-заде ар-Руми қайтыс болғаннан кейін Самарқанд обсерваториясын басқарды.

13 Mart 2022 15:48

Әли Кушчи 1403 жылы Самарқандта дүниеге келген.

Алғашқы білімін Самарқандта алған Кушчи, кейінірек Ұлықбектің, әл-Каши мен Қази-заде ар-Румидің шәкірті болды.

Бұл ғалымдардан білім алғаннан кейін Кушчи Кирманға барды. Осы жерде оқып жүргенде Кушчу алғаш туындысын бітірді.

Әли Кушчи Шерх-и-Терджид деп аталған жұмысын Әбу Саид Ханға ұсынды.

Ғалымдардан алған сабақтарының нәтижесінде жазған трактатында Кушчи айдың формаларын сипаттады.

Халлу Аль-Камер деп аталған жұмысын Ұлықбек ұстазына ұсынған Кушчи мұғалімінің ризашылығына ие болды. Ұлықбек жұмысты жоғары өте жоғары бағалады. 

Самарқандтағы обсерваторияның басшысы Қази-заде ар-Руми қайтыс болғаннан кейін Әли Кушчи обсерваторияны басқаруға бастады, сондай-ақ "Ұлықбек Зижи" жұмысын аяқтауға үлесін қосты.

 Ұлықбек қайтыс болғаннан кейін Кушчи Персияға, ал сол жерден - түріктердің жақында алған Константинопольге аттанды.

 II Сұлтан Мехмедтің қасына қызметке кірді. Мұнда ол Византия ғалымдарын Самарқанд мектебінің кейбір ашылуларымен, атап айтқанда ондық бөлшектермен таныстырды. Кушчи Ыстанбұлдағы (Константинополь) Айя-Софья мешітінде медресе ұйымдастырды.

Кушчи XVI-XVII ғасырларда Орта және Таяу Шығыс елдерінде математиканы оқытуда маңызды рөл атқарған "Арифметика ғылымы туралы трактат" жазды, сонымен қатар Ұлықбектің "Ұлықбек Зижи" және әл-Кашидің "Аспан баспалдағына" туындыларына түсініктеме жазды.

Дерек көздері Әли Кушчидің математика, астрономия, тіл білімі бойынша 30-ға жуық трактат қалдырғанын көрсетеді. Олардың арасында 1425 жылы Самарқандта құрастырылған "Рисала фи аль-хисаб" (арифметика туралы Трактат) бар. Ол 3 бөліктен тұрады: ондық сан жүйесі, алпыстық сан жүйесі және инженерлік жұмыстар.

Кушчидің тіл білімі бойынша бірқатар еңбектері бар. Ол Ұлықбектің елшісі ретінде Қытайға барған кезде "Қытай туралы кітап" жазды.

Кушчи 1474 жылы 16 желтоқсанда Ыстанбұлда қайтыс болды. Ыстанбұлдағы Айюба мешітінде жерленген ғалымның зияратында "Әли Кушяи - ғылым адамы" деп жазылған.

Жаңалықтар