Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз

Әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі болып табылатын Наурыз мерекесі түбі түркі халықтардың ажырамас бөлігі.

21 Mart 2022 19:40

Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан түбі түркі халықтардың жыл бастау және көктем мерекесі.

Қазіргі кұнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. 

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.

Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орталық Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді.

Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап).

Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түркі халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.

Наурыз мейрамы Қазақстанда - 22 наурызда, ал Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Жаңалықтар