"Манас" жырының елі - Қырғызстан

Биік шыңдарымен, тауларындағы қар мен мұздықтарымен, толып жатқан өзендерімен, көлдерімен, ормандарымен, шалғындарымен, далаларымен, жайлауларымен ерекшеленетін Қырғызстан, Орталық Азияның ортасында орналасқан. 

17 Nisan 2021 23:05

Кезінде Жібек жолында болған Қырғыз елі, көшпелі өмір салты көпестердің демалуы үшін тамаша жер болып саналған. 

Қырғызстан, солтүстігінде Қазақстанмен, батысында және оңтүстік-батысында Өзбекстанмен, оңтүстік-батысында Тәжікстанмен және шығысында Қытаймен шекаралас.

Ежелден бері Қырғызстан көптеген мәдениеттер мен құндылықтарға ие өлке.

Қырғыз Республикасының территориясындағы таулардың арқасында халық ауызында елді "Орталық Азияның Швейцариясы" деп атайды.

Қырғызстанда көптеген көлдер бар, олардың арасында Ыстық көл, Сон көл, Чатыр көл және Сары Челек көлі. Бұл жерге жыл сайын мыңдаған туристер келуде.

Қырғыз Республикасының территориясы 199,9 шаршы километрге тең, халқы шамамен 6,5 миллион адам.

Қырғызстан - Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Солтүстік Кипр және Түркиямен қатар жеті тәуелсіз түркітілдес мемлекетінің бірі болып табылады.

Қырғызстан ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ИКҰ, Түркі кеңесі, ТҮРКІСОЙ сияқты бірқатар ұйымдарға мүше ел.

Қырғызстан туристерді сан алуан көрікті жерлерімен, биік тауларымен қызықтырады. Таулы курорттарда демалу, атпен шабу мүмкінділігі туристерге ерекше болып келеді.

Тарих, мәдениет, табиғат болсын, бұл ел туризм жөнінде үлкен әлеуеттерге ие.

Anahtar Kelimeler: Қырғызстан,

Жаңалықтар