Мароккода Қазақстан, Түркия және Әзербайжан елшіліктері Наурыз мерекесін атап өтті

Мароккода Қазақстан, Түркия және Әзербайжан елшіліктері, сондай-ақ Юнус Эмре (Жүніс Әміре) Рабат Түркі Мәдениеті орталығы тарапынан алғаш рет Наурыз мерекесіне орайланған шара өткізілді.

30 Mart 2022 16:25

Елдің астанасы Рабатта "Түркі әлемінде Наурыз мерекесі" тақырыбымен өткен іс-шараға қоғам қайраткері Шереф Малкоч, Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы, Түркияның Мароккодағы Елшісі Ахмет Айдын Доған, Әзербайжанның істерге уақытша сенімді өкілі Бабек Ахмедов және Жүніс Әміре Институтының Рабаттағы үйлестірушісі Енсар Фырат пен көптеген қонақ қатысты.

Шара аясында Жүніс Әміре Институтының оқушылары өлең оқыды, сонымен қатар бір қазақ бала домбыра тартты.

Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сайлауқызы сөйлеген сөзінде Рабат қаласында алғаш рет Наурыз мерекесіне тиесілі іс-шараның өткізілгенін атап өтті. Наурыз мерекесінің атап өтілуіне үлес қосқандарға алғысын білдіре отырып Сайлауқызы, бұл мейрамның бүкіл Түркі әлеміндегі ерекше орнына назар аударды.

Шара Қазақстан, Түркия және Әзербайжанның ұлттық тағамдарының ұсынылуымен аяқталды.

Жаңалықтар