Моңғолияда Рамазан айына байланысты көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетілді

Жалпы алғанда 1250 отбасыға азық-түлік көмегі берілді.

04 Nisan 2022 14:08

Германияда орналасқан Түрік діни қорының және Түрік ислам дін істері Одағының қызметкерлері Моңғолиядағы көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетті.

Елдің астанасы Улан-Баторда, сондай-ақ Баян Өлгиде, Ховд және Тувда 1250 көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды.

Ұн, май, қант, күріш және макарон сияқты керекті азық-түліктен тұратын пакеттер аталмыш отбасыларға жеткізілді.

Тапсыру рәсіміне Түркияның Улан-Батордағы Өкілетті Елшісі Зафер Атеш пен жұбайы Айла Атеш қатысты. Елші бұл шараның ұйымдастырылуына үлес қосқандарға алғысын білдіріді.

Атеш мырза, Моңғолия халқының 4% қазақ болғанын еске сала отырып, аталған қорлардың көмегімен көмектің таралғанын айтты.

 

Жаңалықтар