19

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан сауда орталығында Ковид-19-ға қарсы екпе салу жұмыстары басталды

Елорданың ірі сауда орталығында, коронавируспен күресі процесі аясында екпе салу жұмыстары өткізілуде.

17 Nisan 2021 02:06

Қазақстанда вакцинация жұмыстары 1 ақпанда, "Спутник V" екпесі арқылы басталған.

Сәуір айында, елімізде вирус таралу кестесіне сәйкес күнделікті 2 мыңнан астам жаңа коронавирус науқасы анықталып жатыр.

Індеттің таралу коэффициенті бойынша "қызыл аймақта" орын алған Нұр-Сұлтан қаласында ірі сауда орталығының ауласында, 800 шаршы метр алаңда орнатылған вакцинация пункті күн сайын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін қызмет көрсетуде.

Вакцинация нүктесінің өкілі Инта Егеннің айтуынша, екпе салдыру үшін 18 жасқа толған әрбір азаматтың қолында куәлігі болуы жеткілікті.

Инта Еген атап өткендей, 8 медицина қызметкері вакцинация пунктінде кезекшілікте қызмет беруде: "Алдымен азаматтардың сұрақтарына жауап береміз, сосын тіркеу нысаны толтырылады. Азаматтар күту аймағына реттік нөмірің кезегін күтуі тиіс. Екпе салуға байланысты проблемалары жоқ адамдар вакцинацияланады. Содан кейін бақылау аймағында 30 минут ұсталады."- деді вакцинация нүктесінің өкілі.

Екпе, қалада тұруға рұқсаты бар тұрғындарға да салынады, "Вакцинация нүктесі 5 күн бұрын құрылған едік, бірақ екпе салғысы келетіндердің саны артып келеді."- деп түйіндеді Еген.
 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салғандардың саны 500 мыңнан асты.

Anahtar Kelimeler: Нұр-Сұлтан, Коронавирус,

Жаңалықтар