Нұр-Сұлтанда қарлы боран

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда қатты дауыл мен қар жол-көлік қозғалысына теріс әсер етті.

24 Mart 2021 14:06

Таңертең Нұр-сұлтан қаласында басталған және әлі де жалғасып жатқан қатты дауыл мен қардың салдарынан қалада көріну қашықтығы төмендеді.

Желдің жылдамдығы секундына 20 метр болды. Қала тұрғындары қатты қардың салдарынан көше бойымен әрең жүрді, көліктер жолдарда тұрып қалды. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты түн ортасына дейін уақытша жабылды.

"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында барлық ұшу-қону жолақтары уақытша жабылды, себебі қар тазалау жұмыстары түн ортасына дейін жалғасады" - делінген хабарламада.

Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы елордадан шығатын барлық жолдардың жабылғанын хабарлады. Қала бойынша 960 техникалық құралдан басқа, қар тазалау жұмыстарына 2 мыңға жуық жол жұмысшылары қатысты. Жұмыс таңертеңге дейін жалғасады.

Anahtar Kelimeler: Нұр-Сұлтан,

Жаңалықтар