Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы сақтық шаралары қайтадан күшейтілуде

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында, вирус оқиғалардың өсуіне байланысты шектеу шаралары қайтадан күшейтіледі.

29 Mart 2021 23:38

Әкімшіліктің жасаған мәлімдемесіне сәйкес, коронавирусқа қарсы қосымша сақтық шаралары жайында жаңа декрет жарияланды.

Декрет бойынша елордада сауда орталықтары 30 наурыздан бастап, жұмыс күндері сағат 17: 00-ге дейін қызмет көрсете алады, ал демалыс күндері жабық болады.

Мейрамханалар мен дәмханалар демалыс күндері тек ғана тапсырыс бойынша жұмыс істей алады, ал қаладағы барлық оқу орындары қашықтықтан білім беру жүйесіне көшеді. Жексенбі күндері қоғамдық көлік қызметі тоқтатылады.

Елордасы Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап вирустың таралу саны бойынша "қызыл аймақ" санатында.

Anahtar Kelimeler: Нұр-Сұлтан,

Жаңалықтар