Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары күшейтіледі

Вирус жұқтыру кестесіндегі санның көбейгеніне сәйкес, Қазақстанда Наурыз мерекесіне байланысты іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салынды

17 Mart 2021 15:01

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова, тілшілерге жасаған мәлімдемесінде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болғанын және де қаланың вирус таралу бойынша қауіп-қатер аймағында екенін хабарлады.

Бейсенова, жағдайдың нашарлауына алаңдаушылық білдіріп, Наурыз мерекесі алдында Нұр-Cұлтан қаласында Ковид-19-ға қарсы қосымша шаралар қабылдауға келіскендерін айтты.

2020 жылдың желтоқсан айында қызметіне рұқсат етілген кинотеатрлар қайтадан жабылатын болады, деп хабарланды. Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды.

21 наурыз, жексенбі күні қоғамдық көліктер, сауда және ойын-сауық орталықтары және спорт залдары жұмыс істей алмайды.

Сонымен қатар елорданың дәмханалары мен мейрамханаларының жұмыс сағаттарына да шектеу қойылады.

Қазақстанда 95 мыңнан астам адамға екпе салынды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеметінше Қазақстанда өткен тәулікте 954 жаңа науқас анықталды.

Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 225 685 болып тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласында 127, ал Алматы қаласында 297 коронавирус науқасы анықталды, деп мәлімденді.

Anahtar Kelimeler: Қазақстан, коронавирус, шектеу шаралар,

Жаңалықтар