23

Нұр-Сұлтандағы Түркияның Елшілігі 23 сәуір - "Егемендік және балалар күнін" атап өтті

Қазақстанда, Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 101 жылдығына және балалар күніне орай арнайы іс-шара өткізілді.

23 Nisan 2021 15:36

Түркия Елшілігінің білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылған іс-шараға, Түркияның Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджи, елшіліктің білім жөніндегі кеңесшісі Абдулмутталиб Четин, елшілік өкілдері, мұғалімдер және қаланың оқұшылары қатысты.

Арнайы бейнеконференция аясында сөз сөйлеген У.Экиджи, ұлттық егемендікті білдіретін Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің бүгін 101 жылға толғанын атап өтіп, Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен Истиклал шайқасында соғысқанын еске салды.

"Депутаттар соғыс алаңына шыққан, сондықтан біздің мәжілісті "ардагерлер мәжілісі" деп атайды. 15 шілде күні мәжіліске шабуыл жасалған кезде де депуттарымыз сатқындық төңкерістеріне қарсы тұрып, ұлттың егемендігін қорғады және тағы бір рет "ардагер" атағына лайық екенін көрсетті." - деді Түркияның Елшісі.

Түркия Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрік, 23 сәуір күнін "Балалар күні" деп атап, аманат етіп кеткен. «Балалар болашағымыздың кепілі, өміріміздің мәні. Бүгінгі ұрпақты, ертеңгі күннің егесі ретінде тәрбиелеу әрбіріміздің борышымыз».- деген Түркияның алғашқы президенті.

У.Экиджи биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл толғанымен байланысты құттықтау сөздерін де айтты: "Біз жас ұрпаққа қиындықтарға қарамастан қол жеткізген тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауды жалғастырамыз."- деді Елші.

Жаңалықтар