Нахичеванда жаңадан ашылған тау шаңғысы орталығына Түркиядан нұсқаушылар жіберілмек

Нахичеван Автономиялық Республикасында ашылған тау шаңғысы орталығына Түркиядан келген нұсқаушылар сабақ беретін болады

02 Nisan 2021 23:38

Шахбуз қаласында орналасқан Ағбұлақ тау шаңғысы курорты Нахичеванда жақын арада ашылды.

Түркияның Кайсери Эрджиес тау шаңғысы курортының нұсқаушылары шаңғы тебу бойынша  қауіпсіздік және техника сабақтарын беретін болады. 

Селахаттин Сунгур, Ағбұлақта кеңес беру қызметін ұсынады, оның айтуынша Түркиядан келген профессионалдық ұжымның мақсаты, комплекске келгендерге қауіпсіз шаңғымен сырғанауды үйрету.  "Барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданғаннан кейін ғана біз қонақтарымызға тау шаңғысы орталығын сынап көруге рұқсат береміз. Ең алдымен қауіпсіздік. Барлық біліміміз бен тәжірибемізді жергілікті нұсқаушыларға тапсырғаннан кейін, біздің жұмысымыз аяқталады" - деді Сунгур мырза.

Шаңғы нұсқаушысы Али Шан Соанші: "Біз Нахичеванға жол қауіпсіздігін үйрету үшін және шаңғы нұсқаушысы қызметі беру үшін келдік. Біздің мақсатымыз - жақында ашылған орталықта бауырларымызға көмектесу" - деді.

Тау шаңғысы курортына демалуға келген Захиде Аллахверди: "Бұл орталыққа алғашқы келуім, шаңғымен сырғанауды профессионал нұсқаушыдан үйрене алатыныма өте қуаныштымын." 

 

Anahtar Kelimeler: Нахичеван,

Жаңалықтар