Нахичивандағы Асхаб-и Кехф үңгірлері

Түркия азаматтарының Әзербайжан мен Нахичиван арасында саяхаттау үшін жеке куәлігі жеткілікті. Осыған байланысты Түркиядан Әзербайжанға баратын туристердің саны көбеюде.

04 Mart 2022 16:14

Асхаб-и Кехф діни-өркениеттік кешеніне жыл сайын көптеген туристер келуде. Әзербайжанның Нахичиван Автономиялық Республикасында орналасқан үңгірлер бұл мекеннің ең ірі туристік орталығы болып саналады.

Үңгірлер алаңына қала орталығынан көлікпен шамамен бір сағат ішінде жетуге болады.

Үңгірлер барлық жағынан жартастармен қоршалған шатқалдың ішінде орналасқан.

Төрт бөлмеден тұратын Асхаб-и Кехф діни-өркениеттік кешеніне келгендер дұға жасайды.

Кешенде дүкендер және келушілерге арналған демалыс орындары бар.

Айта кетейік, түріктер Әзербайжанға, соның ішінде Нахичиванға жеке куәлігімен саяхаттай алады. мүмкіндік алды. Осыған байланысты Түркиядан Әзербайжанға баратын туристердің саны күн сайын көбеюде.

Жаңалықтар