Наурыз мейрамы ТРТ Аваз-да аталуда

Жаңа жыл мен көктемнің жаршысы Наурыз мейрамының құрметіне күллі Түркі әлемінің ортақ телеарнасы ТРТ Аваз-да арнайы салтанатты бағдарламалар көрсетілмек.

21 Mart 2022 16:08

Президенттік симфониялық оркестры мен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКІСОЙ) дайындаған "Наурыз 2022 концерті" бүгін кешке сағат 19:00-де ТРТ Аваз-да тікелей эфирде көрсетіледі.

Мерекелі концертте Наурыз мейрамының қатарында ТРТ Аваз телеарнасының 13 жылдығы да аталып өтіледі.

Шарада Түркі әлемі әртістері өнер көрсетеді.

Дирижері Марат Жалбыров болатын концертке түркітілдес елдерден арнайы келген би ансамбльдері де қатысады.

Көктем мен Түркі әлемі тақырыбындағы әндерді Қазақстан, Түркия, Молдова, Әзербайжан мен Түркіменстаннан келген әншілер орындайды.




 

Жаңалықтар