Өнер сүйер қауым мекені: Астана Балет театры

Нұр-Сұлтанда негізі қаланған "Сұлтан Бейбарыс" балет театры "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сияқты спектакльдерімен танымал.

03 Haziran 2022 09:52

"Astana Ballet" театрының алғашқы концерті 2013 жылдың шілде айында көрсетілді.

Театрдың жанкүйерлері Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде бар.

Театрдың түрлі жанрдағы репертуары әлемдік және отандық шедеврлермен, бірегей хореографиялық қойылымдармен үнемі толысып отырады.

Театрдың жалпы көлемі – 15.467 шаршы метр.

Көрермен залында 783 орын (партер 609 орын, самалдықтың 2 ярусы 104 орын, 3 ярусы 70 орын).

Сахнаны трансформациялау үшін жылжымалы және көтеріп-түсіру механикасының соңғы үлгілері қолданылады. Сахна төрт көтеріп-түсіру планшеті мен төрт әртістік көтергішпен жабдықталған. Жарық беру кешенінде дәстүрлі театр қондырғылары және жүйелерімен қатар, осы саладағы соңғы инновациялық жаңалықтар қолданылған. 800 жарық жабдықтары орнатылып, соның арқасында көркемдік жарықты жоғары сапада жасау мүмкіндігі бар.

«Астана Балет» театрының сахнасы режиссерлер мен сценографтарға зор мүмкіндіктер беріп, батыл әрі бірегей идеяларын жүзеге асыруына жол ашады.

Жаңалықтар