news-photo-awards-overcoming-covid

"News Photo Awards. Overcoming COVID" байқауының жеңімпаздары анықталды

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында "News Photo Awards" фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

12 Mart 2021 18:53

Ресейдің ТАСС агенттігі ұйымдастырған "News Photo Awards" фотобайқауының қорытындысы шығарылды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында өтті.

Рәсімге Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев, ТАСС ақпараттық агенттігінің бас директоры Сергей Михайлов және тағы да басқа құрметті қонақтар қатысты.

Бас жүлде Испанияның EFE жаңалықтар агенттігінің фототілшісі Брайс Лоренцо Коутоға "Туған күніңмен" фотосуреті үшін берілді.

Ресейлік "Спутник" ақпарат агенттігінің фототілшісі Илья Питалевтің "Нан мен шараптың қасиетті рәсімі" атты жұмысы ең жақсы фотосурет деп танылды.

"Үздік сериялық фотосурет" марапатын "Covid-19 орталық базасы" жұмысы үшін Ұлыбританияның South West News Service (SWNS) жаңалықтар агенттігінің фототілшісі Адам Грей алды.

"Фототілшілер сізге әлем жаңалықтарын жақсы түсінуге көмектеседі"

Рәсімде кіріспе сөз айтқан Кремльдің баспасөз қызметінің басшысы Дмитрий Песков, пандемия кезінде фототілшілер оқиға орнында не болып жатқанын жариялағанын айтты. "Кейбір жағдайларда тілшілердің бірнеше парақта түсіндірген оқиғасын бір ғана фотосурет көрсетеді. Бұл кадрдың бірегейлігі" - деді ол.

"Әр суреттің орны бөлек"

Байқаудың қазылар алқасының мүшесі Хасан Оймез (Анадолы агенттігі) коронавирус індеті, адамзат тарихындағы үлкен бетбұрыс болды, деп атап өтті.

 

Anahtar Kelimeler: News Photo Awards, фотосурет,

Жаңалықтар