Қоғам қайраткері, ойшыл, түркі халықтарының көрнекті ағартушысы, публицист Исмаил Гаспыралы

Түркі әлемінің "ортақ" әдеби тілде кездесуін қалаған Қырым ағартышусы Исмаил Гаспыралының туғанына 170 жыл болды. Сонымен, Исмаил Гаспыралы деген кім әрі тілдік одақ туралы көзқарастары қандай?

21 Mart 2021 16:50

«Тілде, пікірде, тірлікте бірлік»

Қоғам қайраткері, ойшыл, түркі халықтарының көрнекті ағартушысы, публицист Исмаил Гаспыралы 1851 жылы 21 наурызда қазіргі Қырым Автономиялық Республикасы, Бахчисарай қаласында дүниеге келді.

Исмаил Гаспыралының әкесі орыс армиясының лейтенанты Мұстафа Алиоглу Гаспринский, ал анасы Фатма Сұлтан болған.

Гаспыралы бастауыш білімін 1865-66 жылдары Бахчисарай қаласындағы мұсылман мектебінде алған.

Гаспыралы Түркияға жасырын түрде қашқысы келді

Мәскеуде оқып жүргенде Гаспыралының орыс зиялыларымен танысуға мүмкіндігі болды. Оларға құрметпен қарағанымен, мектептегі панславистік көзқарастар оған теріс әсер етті, сондықтан оған Ресей империясында түріктерді біріктіру, оларды ояндыру идеясына келді. Критте көтеріліс басталған кезде, бүлікші гректерге қарсы соғысқан Османлы әскерлеріне қосылу үшін Түркияға жасырын түрде қашқысы келді. Бірақ Одессада ұсталып, әскери атағынан айырылды.

И. Тургеневтің хатшысы болды

Гаспыралы 1868 жылы Бахчисарайға оралып, орыс тілі мұғалімі болып жұмыс істей бастап, орыс әдеби және философиялық шығармаларын көп оқиды. 1872 жылы ол Парижге Стамбул, Вена, Мюнхен және Штутгарт арқылы барады. 1872-74 жылдары Францияда тұратын орыс жазушысы Тургеневтің хатшысы болып қызмет істейді.

1874 жылы Гаспыралы Осман империясының әскері болу мақсатымен Ыстамбұлға келеді бірақ бір жылдан кейін Қырымға қайта оралады.

Бахчисарай қаласының басшысы болды

1878 жылы ол Бахчисарай қаласының басшысының орынбасары болып сайланды. Келесі жылы ол қала басшысы болып тағайындалды және бұл қызметті 1884 жылға дейін атқарды.

«Тержуман» (аудармашы) газеті

1883 жылдан бастап ол Ресейдегі алғашқы түрік газетін шығара бастады.
"Тержуман" газеті Қырым татарларының ана тілінде шыққан алғашқы газеті болды. Ресей бойынша түркі тілдерінде шығарылған үшінші газет болып саналды.

Білім беру саласындағы қызметі
 

Сонымен қатар Гаспыралы Қырымда әйелдер білімінің негізін қалаушы және бастамашысы болып табылады. Ол әйелдерге арналған «Алем-и-Нисван» газетін негізін қалаушысы болды. «Алем-и-Нисван» Ресейде тұратын түркі халықтарының алғашқы әйелдерге арналған газет ретінде тарихта қалды.


“Ресей мұсылмандар одағы”

1906 ж." Ресей мұсылмандары одағы ұйымының орталық комитетінің мүшесі болып сайланды. Гаспыралының Дүниежүзілік мұсылмандар конгресін ұйымдастыру әрекеті және оның мұсылман халқы арасындағы ағартушылық жұмысы халықаралық қайырымдылық актісі ретінде қарастырылды.
 

«Тілде, пікірде, тірлікте бірлік»

«Тілде, пікірде, тірлікте бірлік» ұраны 1911 жылдан бастап "Тержуман" газетінің басты бетінде жарияланды. Сол уақыттан бері бұл сөздер әлі де өзектілігін жоғалтқан емес.

Исмаил Гаспыралы 1914 жылы 24 қыркүйекте, 63 жасында қайтыс болды.

Гаспыралының жұмыстары: «Орыс мұсылмандығы» (Симферополь 1881); «Сальнаме-Түрки» (Бахчисарай, 1882); «Мират-и-Джедид» (Бахчисарай 1882); «Хаджеи Сибян» (Бахчисарай, 1884); «Еуропалық мәдениеті көзқарастар» (Бахчисарай, 1885); «Исламға қатысты пікірлер мен артықшылықтар» (Бахчисарай, 1885); «Ресей жағрапиясы» (Бахчисарай, 1885), «Екі Бахадыр» (Бахчисарай, 1886).

Anahtar Kelimeler: Исмаил Гаспыралы,

Жаңалықтар