Орта Азияның ең биік ғимараты: Ташкент телемұнарасы

Ташкент телемұнарасы ерекше сәулетімен өзіне назар аударады.

11 Nisan 2021 16:54

Ташкент телемұнарасы - Ташкент қаласының Юнусабад ауданында орналасқан. Телемұнараның құрылысы 1978 жылы басталып, 6 жыл ішінде аяқталды. 1985 жылдың 15 қаңтарында пайдалануға берілді, телемұнараның биіктігі-375 метр.

Ташкент телемұнарасы, Орта Азияның ең биік ғимараты болып саналады, сонымен қатар әлем бойынша ең биік ғимараттар тізімінде 12-ші орында.

Күн сайын жүздеген адамдар Ташкент телемұнарасына келеді, бұл жерді фотографтар ерекше ұнатады себебі тарихи қаланың әсем көріністерін тамашалай алып, сурет түсіре алады.

Телемұнараның кіреберісінде мұражай бар. Мұражайда әлемдегі ең биік телемұнаралардың үлгілерін көріп, олар туралы ақпарат алуға болады.

Ғимараттың ішінде екі үлкен керамикалық тақталар орналасқан. Олардың бірінде ғарышкер Юрий Гагариндің суреті, ал екіншісінде әйгілі өзбек суретшілерінің жұмыстары бейнеленген.

Ташкенттің символына айналған мұнарада "Каинат" мейрамханасы бар, жерден 100 метр қашықтығында орналасқан мейрамхана бірден 120 адамға дейін қызмет ете алады.

Телемұнараның жоғарғы қабатында арнайы террассалар бар. Ташкенттіктер сүйіктісінің қолын сұрау рәсімі үшін дәл осы орынды таңдайды.

Мұнараның жалпы салмағы 6 мың тоннаны құрайды, ғимараттың айналысында 220 метрлік метеорологиялық станция орналасқан.

Телемұнараның үстінде Өзбекстанның туы ілулі тұр, арнайы келетін альпинистер оны әр 2 жыл сайын ауыстырады.

 

 

 

Жаңалықтар