Орталық Азия елдерінде болған электр энергиясының өшуі: ақау жойылды

Бүгін таңертең Орталық Азия елдерінде болған электр энергиясының жаппай өшірілуінен кейін Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы мен Қырғызстанның астанасы Бішкек пен Өзбекстанның кейбір аудандарында электр қуатына қол жеткізу қалпына келтірілді.

25 Ocak 2022 15:00

Бүгін Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда электр жарығы өшкен болатын.

Қырғызстан Энергетика министрі Доскул Бекмурзаевтың айтуынша, Кеңес Одағы кезінде құрылған Орталық Азиялық жалпы электрмен жабдықтау жүйесінде алғаш рет "төтенше жағдай" болды.

Бекмурзаев көрші бауырлас елдермен бірлеске арнайы комиссияның құрылатынын, бұл ақаулықтың қайдан пайда болғанын зерттелетінін хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстан жергілікті сағатымен 13.39-да Алматы қаласы мен Алматы облысында электрмен жабдықтаудағы ақауларды жою жұмыстарының нәтижесінде барлық электр беру желілері қайта ашыған болатын.


 

Жаңалықтар