Орталық Азия мен Анатолыда табылған жартас суреттерінің (петроглифтер) альбом жинағы шығарылады

Қырғыз-түрік ортақ "Манас" университетінің 25 жылдығына орай түркі мәдениетінің ортақ мұрасы болған, тасқа салу өнерінің ең ежелгі әрі көрнекті ескерткіштерінің бірі - жартастарға салынған петроглифтердің фотосурет альбомы шығарылыды.

25 Nisan 2021 14:37

КТМУ-ның ректоры Алпаслан Джейлан 25 жылдық ғылыми өмірі бойынша 100-ден астам жартасқа ойылған суреттерді зерттеген. Джейланның айтуынша Алтайдан Анатолыға дейінгі аймақтағы жартастағы суреттер әр түрлі тұрғыдан зерттеліп, қайта қалпына келтіріліп, ғылыми ортада терең мойындалуы керек.

Таспен ойылған суреттер түрік тарихы үшін өте маңызды

"Орталық Азиядағы түркі тайпалары Каспий теңізінен өтіп, қазіргі Грузия аумағы арқылы Анатолыға жеткен, сондықтан тасқа ойылған суреттер Шығыс Анатолыда жиі кездеседі", - деп жалғастырды ректор. 

Ол, жартастағы суреттерде түрік мәдениетінің барлық элементтері бар екенін атап өтті. 

"Түркі әлемі жартастағы суреттер туралы ауқымды ақпаратқа ие болуы керек, оларға ұқыпты қарап, барлық жағынан зерделеу керек. Осыған байланысты "Манас" қырғыз-түрік университеті Орталық Азиядан Анатолыға дейінгі түркі мәдениетінің іздерін көрсететін жартасқа салынған суреттердің жеке жинағын басып шығаруға дайындалуда", - деді Джейлан.

"Тасқа ойылған суреттер тарихта қалған мөр"

Жартастардағы петроглифтер - адамзат қоғамының палеолит дәуірінен орта ғасырға дейінгі түрлі дәуірлеріне жататын ескерткіштер.

"Алтай мен Моңғолиядағы жартас суреттерінің кейбір үлгілерін Орта Азия, Иран, Әзірбайжан, Грузия және Анатолыда табуға болады. Мысалы, Орталық Азия мен Алтайдағы тастарда ойылған аңшылар, бұғы, жылқылар, иттер, түйелер, аттар мен керуендердің суреттері Анатолыдағы тастарда да кездеседі. Сондықтан Анатолыдағы жартас суреттерін зерттей отырып, Орталық Азия мен Кавказ мәдениетін елемеу мүмкін емес", - деп толықтырды ректор.

"Таста ойылған петроглифтер тарихтың мөрі. Біздің ең маңызды міндетіміз - оны қорғау және жастарға оның маңызын жеткізу." - деп түйіндеді Джейлан.

Жартастарға салынған суреттердің әрқайсысы тарихтан сыр шертетін аса құнды мұра. Тасқа ойылған петроглифтер ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне еніп, қорғауға алынған. 

Жаңалықтар