Осман империясының негізін қалаушы Осман Гази мен Орхон Гази кесенесі

Түркияның Бурса қаласының орталығы болып табылатын Османгази районындағы тарихи ескерткіштер мен кесенелер туристердің назарын аударуда.

15 Nisan 2022 21:31

Османгазиде Топхане деп аталатын саябақ бар. Саябақта тарихи сағат мұнарасы, азаттық соғысының шейіттеріне арналған ескерткіштер, сондай-ақ Осман Гази мен Орхан Гази кесенелері орналасқан. 

Қасиетті Рамазан айының басталуымен Осман Гази мен Орхон Гази кесенелеріне келушілер саны артып келеді.

Осман империясының негізін қалаушы Осман Гази Бурса маңындағы Сөғут қаласында қайтыс болғанын атап өткен жөн. Ол қайтыс болғанға дейін түріктер Бурса қаласын басып алу үшін күрескен. Осман Гази Бурсада жерленді. Осман Газиның жерленген жері бұрын Византияның шіркеуі болған.

Кесене 1801 жылғы өрттен және 1855 жылғы жер сілкінісінен қатты зардап шекті. 1863 жылы ол Сұлтан Абдүлазиздің бұйрығымен жаңартылды.

 

Жаңалықтар