Османияда өндірілетін тәспілер бүкіл әлем бойынша сатылуда

Түркияның Османие қаласының Бахче ауданында тәспі жасайтын 40 шеберхана жұмыс істейді. Тәспілер ішкі нарыққа ұсынылып қана қоймай, 50-ден астам елге экспортталады. Ағаштан, кәріптастан және басқа тастардан жасалатын тәспілердің жылына 3 миллионнан астам данасы өндіріледі.

30 Ocak 2022 17:02

Бахче ауданында жасалған тәспілер негізінен Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне экспортталады. Ауданда кәріптас тастың көптігіне байланысты тәспілерді көбінесе бұл тас қолданылады. Қазіргі таңда Түркияның аталған ауданында 40-тан астам шеберханада 300-ден астам адам жұмыс істейді.

Шеберханалар жылына 3 миллион тәспі шығарады. Оның 1 миллион 400 мыңы 50-ден астам елге, соның ішінде Еуропа мен Таяу Шығысқа экспортталады. Қалғаны ішкі нарықта сатылады.

Қаланың әкімділігі кәріптас және басқа тастардан жасалған тәспілердің сатылуын жылжытумен, брендингпен және стандарттаумен айналысады. Бұл үшін арнайы топ құрылды, оның мақсаты әлемде "Бахче тәспілері" брендін ілгерілету болып табылады. Қазіргі уақытта арнайы веб-сайт ашылды. Интернетте тәспі сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі "ауылға қызмет көрсету қорына" аударылып, ауыл мектептерін жақсартуға бағытталады.

 

Жаңалықтар