Османлы сарайы: Ысхақ Паша

Ағры облысының Доғубаязыт ауданындағы Исхақ Паша Тарихи сарайы - Шығыс Анадолы аймағының маңызды тарихи және туристік көрікті жерлердің бірі.

09 Ağustos 2022 11:24

Сәулетімен, тарихымен және керемет құрылымымен ерекшеленетін сарайға жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған турист келеді.

Қала орталығынан 7 шақырым жерде орналасқан сарай теңіз деңгейінен 1900 биіктікте салынған. Тарихи сарайда Османлы, Селжүк, Барокко және Рококо сәулетінің үлгілерін көруге болады. 

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген сарай келушілерді қабырғаларының, қабірлерінің сәулетімен, ішкі және сыртқы аулаларымен қызықтырады. 

Қабырғаларда Селжүк мәдениетінің іздерін көруге болады. Қабырғалар жоғары шеберлік үлгілерімен безендірілген. 

Тарихи сарай облыс туризміне маңызды үлес қосады.

Облыстық мәдениет және туризм басқармасының мәліметінше, 2012 жылы тарихи Сарайға 243 мың 873, 2013 жылы 96 мың 858, 2014 жылы 87 мың 172, 2015 жылы 44 мың 602, 2016 жылы 56 мың 484, 2017 жылы 92 мың 830, 2018 жылы 121 мың 94 адам келген.

2019 жылы ата-бабаларынан мұра қалған тарихи Сарайға 167 мың 871 турист келді, ал 2020 жылы індетке байланысты бірнеше рет келушілерге жабылған сайрайға 118 мың 63 адам келді.

2021 жылы тарихи Сарайға 226 мың 600 турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Жаңалықтар