30

Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан Республикасы алғашқы халықаралық келісімге қол қойды

15 наурыз 1991 жылы «Қазақ КСР мен Түркия Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойды. Бұл Қазақстанның алғашқы халықаралық келісімі болды.

15 Mart 2021 18:02

1991 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Өзал Қазақстанға ресми сапармен келді.

Бұл тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық тарихында шетелдік президенттің жасаған алғашқы ресми сапары ретінде қалды және Түркия Республикасымен жан-жақты серіктестікті нығайту жолында қадам басылды.

1991 жылдың 14 наурызында Түркияның ресми дипмиссиясы құрамында Сыртқы істер министрі Ахмет Куртжебе Алптемучин, Мәдениет министрі Намік Кемал Зейбек, Түркияның КСРО-дағы елшісі Волкан Вурал сол кезеңдегі Қазақстанның астанасы Алматыға келді.Ресми кездесулер барысында Назарбаев пен Өзал келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салада ынтымақтастық орнатуға және екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға байланысты тақырыптар талқыланды.

1991 жылдың 15 наурызында Назарбаев «Қазақ КСР мен Түркия Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойды. Бұл Қазақстанның алғашқы халықаралық келісімі болып тарихта қалды.Қазақстанның ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны КСРО Сыртқы істер министрлігінің сол кездегі басшылығына ұнамай, бұған деген құқығымыз болмағанын айтты. Ақмарал Арыстанбекова, сол кездегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, бұл Қазақ КСР Президентінің тапсырмасы екенін және «Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның» 14 бабына сәйкес Қазақстанның құқығы бар екенін мәлімдеді.

Осылайша, 1991 жылы наурызда Түркия Республикасының президенті Тургут Өзал мен Президент Н.Назарбаевтың қол қойған «Қазақ КСР мен Түркия Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім» екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастардың негізін қалап, Қазақстанның алғашқы халықаралық келісімі ретінде тарихта қалды.

 

Anahtar Kelimeler: Қазақстан, Түркия, дипломатиялық қарым-қатынастары,

Жаңалықтар