Отандық ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы вакцина Түркияда өндіріледі.

Қазақстандық ғалымдар жасаған СOVID-19-ға қарсы екпе Түркияда өндірілетін болады.

10 Nisan 2021 05:02

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

«Бүгін біз Түркиямен келісімге келдік. Себебі олардың қуатты өндірістік базасы бар. Түркияда өзінің вакцинасы жоқ. Алайда онда ірі өндіріс орындары бар. Қазіргі таңда осы өңірмен келісімге қол қойылды», - деді вице-премьер.  Ералы Тоғжанов келісім аясында түрік тарапы Қазақстанда вакцина шығаратын зауыт құрылысына көмектесіп, оған құрал-жабдықтар жеткізетінін атап өтті.

Ол 21 сәуірде қазақстандық «QazVac» вакцинасын сынаудың үшінші кезеңі 50%-ға аяқталғанын жеткізді. Оның пікірінше, кейін екпені тіркеу, өндіру және қолдану мүмкіндігі қарастырылады. «Қазақстандық институттың базасында (әзірлеген) вакцинаны дайындауға арналған субстанция дайындалады. Түркияда екпе тек құйылады», - деді премьер-министрдің орынбасары. 

Екпенің 500 мың дозасы Түркияда өндіріледі

"Біз түрік зауытында Қазақстан Ковид-19-ға қарсы жасаған вакцинаның 500 мың дозасын өндіреміз, екпелердің өндірісінде толығымен отандық материалды қолданамыз." - деп түйіндеді премьер-министрдің орынбасары.

Айта кетейік, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өткен айда Түркияға іске асырған сапары аясында отандық вакцинаны өндіру бойынша шетелдік серіктестермен жұмыс жүргізілгенін және Түркияның "Атабай" компаниясымен өндіріс туралы келіссөздер өткізілгенін хабарлады.

 

Жаңалықтар