Қойшы қыз әлеуметтік желілерде танымал болуда

"Мен әдетте ауылдың жанындағы көлдің жағасында табынды жаямын. Кейде оларға халық әуендерді саламын. Енді олар менің дауысымды біледі. Кейде міну қабілетімді дамытып, болған қызықты сәттерді телефоныма жазып аламын".

14 Ağustos 2021 20:26

Солтүстік Қазақстан облысында тұратын 24 жастағы қойшы қыз әлеуметтік желілерде танымал болуда.

Озерное ауылының тұрғыны Асыл Ахметова ауылдағы өмір туралы блог жүргізеді. 

Қыз ауылдағы өмір туралы жазу жазып, жылқыларды видеоға түсіріп, парақшасында жариялайды.

Асыл ата-анасына 7 сыныптан бастап мал бағуға көмектесуді бастады. Елордада білім алған бойжеткен университетті бітіріп, ауылына оралды. Сонымен қатар Асыл ауыл мектебінде де жұмыс істейді.

Асылдың әкесі оған фотосурет және видео түсіруге көмектеседі, әке-қыз бірге мал бағып, араларындағы әңгімелерімен блогта бөліседі.

Асылдың парақшасына жазылған адамдардың саны күннен күнге өсуде.

Жаңалықтар