«Ойыл» мешіті

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында орналасқан тарихи мешіт 127 жыл бұрын салынған. Мешіттің құрылысында қой жүні және қымыз қолданылған деп ойланылуда, бұл да ғимараттың ең үлкен ерекшілігі.

15 Nisan 2021 17:53

Ойыл мешіті 1893 жылы салына бастады. Мешіт Ойыл ауданы Ойыл ауылында орналасқан. Іргетасы жабайы таспен төселіп, тастама белдіктері түйе арбамен Орынбордан тасылған, табаны қызыл кірпіштен қаланған. Патша үкіметіне дейін көрші жатқан мұсылман елдерінің саудагерлерінің ұйытқысы болған өңірде Көкжар мешіті діни ағартушылық бағытында жұмыс жасаған.

Күйдірілген қызыл кірпіштен тұрғызылған мешіт үйі талай жыл қараусыз қалса да асылдың сынығындай болып бүгінгі күнге жетіп отыр. Іргетасы табиғи таспен төселіп, тастама белдіктері түйе арбамен Орынбордан тасылған, табаны қызыл кірпіштен қаланған. Алғашқы бас имамы Сағидолла Ізтілеуов – араб, парсы, орыс тілдерін игерген сауатты адам болған. ⠀ХХ ғасырдың 30-шы жылдары мешіттің діни белгілері қиратылып, драма театр үйіне, техникалық-шаруашылық қоймасына айналдырылды.⠀Тәуелсіздік демімен қайта 1999 жылы жөнделіп, қайтадан мешіттік қалпына келтірілді. 2014 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.

Мешіт тарихына қатысты ел аузында тараған аңызға толы әңгімелердің бірі – Ойылдағы жер асты жолының мешітпен ұштасып жатқандығы. Осы жер асты жолы арқылы көпестер сауда қатарларына және бай көпестің үйіне қатынап отырған.

Мешіт күмбезінің алғашқы түпнұсқасы мұсылман күмбезі іспеттес күмістен жасалып, үлкен айшығы болған. Саяси қуғын-сүргін жылдары мешіт күмбезі құлатылып, жергілікті сайдың бойында жасырылған деген аңыз деректер кездеседі.

Сілтеме: Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –126-б.

 

Жаңалықтар