Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Түрік-Қазақ университетінің жаңа ректоры тағайындалды

Қазақстанның Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы университетінің жаңа ректоры белгілі болды

10 Mart 2021 18:08

Университеттің ресми мәлімдемесінде Қазақстанның Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова, ректордың орынбасары Дженгиз Томар және басқа да лауазымды кісілердің қатысуымен өткен жиналыста жаңа ректор жарияланды.

Мәлімдемеде, Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің жаңа ректоры профессор, доктор Жанар Темирбекованың тағайындалғаны анықталды.

Түркияда Хаджеттепе университетінде магистр дәрежесін алғаннан кейін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде докторантураны бітірген Темірбекова, бұрын Еуразия технологиялық университетінің ректоры, Алматы басқару университетінде ректордың кеңесшісі секілді қызметтер атқарғаны хабарланды.

1992 жылы Түркия мен Қазақстанның іскерлік одағында құрылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Түрік-Қазақ университетінде түркі әлемінің елдерінен келген 10 мыңнан астам студент білім алуда.

Жаңалықтар