Қожа Ахмет Ясауидің шежіресі түрік тіліне аударылып, кітап ретінде басылады

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) түркі әлемінің рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауидің шағатай түркі тілінде жазылған шежіресін түрік тіліне аударып, оны кітап ретінде басуға қолдау жасайды.

02 Haziran 2021 17:06

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда ТИКА мен Түркістандағы Әзірет Сұлтан тарихи-қорық музейі басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бұл келісім бойынша ТИКА түркі әлемінің рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеу және ілгерілету жұмыстарын өткізеді.

ТИКА-ның Нұр-Сұлтандағы директоры Исмаил Гюрлек жасаған мәлімдемесінде Ясауидің қалдырған мәдени мұрасының тек түркі әлемі үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңызды екенін атап өтті.

Гюрлектің айтуынша, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде қызмет ететін кісілермен бірге ортақ жобалар жүргізілетін болады, сонымен қатар Ясауидің немересі әрі шәкірті болған Жүсіп атаның жазған 3,5 метрлік шежіре кітап ретінде басылуына және электрондық форматқа айналдыруында ТИКА тарапынан қолдау көрсетіледі.

Әзірет Сұлтан қорық және тарих мұражайының директоры Нұрболат Ахметжанов Кеңес Одағы кезінде Ясауидің мұрасы жеткілікті деңгейде зерттелмегенін атап өтіп: "Бұл олқылықты толтыру және атамыздың қалдырған мұрасын зерттеу үшін біз 2019 жылы "Ясауи жолы" атты жобаны бастатқыздық", - деді.

Сондай-ақ Ахметжанов, Түркістан аймағында, Өзбекстан мен Қырғызстанда Ясауиге қатысты жаңа құжаттарын табылғанын айтты. Мәселен Өзбекстанның Наманган атты аймағында Ясауидің мөрі табылды деп хабаланды.

Anahtar Kelimeler: Қожа Ахмет Ясауи, Түркістан, Қазақстан,

Жаңалықтар