c

Қожа Ахмет Ясcауидің өмір сүрген кезеңіне тиесілі қолжазбалар табылды

Шағатай тілінде жазылған қолжазбалардың біреуі 3,5 метр болғаны анықталды. Бұл қолжазбалар Қожа Ахмет Яссауидің жиені әрі шәкірті Юсуф Атаға  (XII-XIII) тиіесілі, деп ойланылуда.

30 Mart 2021 16:37

Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауидің жиені және шәкірті Юсуф Атаға тиесілі қолжазбалар табылды, деп хабарланады.

Қолжазбалар шағатай тілінде жазылған және XIII ғасырға жатады. Қолжазбалардан басқа, табылған заттар арасында маңызды құжаттар да бар. Құжаттарда Ахмет Яссауи заманында қабылданған шешімдер, жер мен судың атаулары, шекаралар туралы және адамдардың күнделікті өмірі туралы ақпараттар бар.

Осы уақытқа дейін қолжазбаларды Юсуф Атаның отбасы өз үйінде, Түркістанда сақтаған. Енді олар мұражайға тапсырылады. Құжатта жазылған деректер бірнеше тілге аударылады.

"Одақ кезінде біз қолжазбаларды ешкімге көрсетпедік"

Юсуф Атаның немерелерінден бірі-Сайдалим Юлдашев атап өткендей, қолжазбалар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды және отбасының әрбір мүшесі оларға ұқыпты қарады.

"Кеңес Одағы кезінде біз бұл құжатты ешкімге көрсетпедік. Ол кезде мұндай құжаттарды сақтау және басқаларға көрсету өте қауіпті еді. Қазір уақыт өзгерді. Қолжазбаларды шығаратын кез келді." - дейді ол.

Қолжазбалар мұражайға тапсырылады

Әкесінен балаға беріліп сақталған қолжазбалар Қазақстанның Әзірет Сұлтан атындағы Тарих және мәдениет мұражайына тапсырылады.

Мұражай директоры Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, тарихи құжаттарды музей мамандары зерттеп, олардың әрқайсысына талдау жасайды. Сонымен қатар қолжазбалар қазақ тіліне аударылып, кітап ретінде басылып шығарылатын болады.

Anahtar Kelimeler: Қожа Ахмет Яссауи,

Жаңалықтар