Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті түркі әлемінің даумына өз үлесін қосуды жалғастыруда

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық университетінің ректоры Жанар Темірбекова: "Біздің басты мақсатымыз түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығы үшін жұмыс істейтін, заманауи және сыни көзқарастарына ие, адамзат пен табиғатты құрметтейтін, өз саласында білгілі болатын студенттерді оқыту."- деді.

29 Mart 2021 23:24

Қазіргі таңда Ахмет Яссауи атындағы университет түркі әлемінің тарихы мен мәдениетін тарату бойынша маңызды миссияны атқаруда. "Біздің басты мақсатымыз түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығы үшін жұмыс істейтін, заманауи және сыни көзқарастарына ие, адамзат пен табиғатты құрметтейтін, өз саласында білгілі болатын студенттерді оқыту."- деді университеттің жаңадан тағайындалған ректоры Жанар Темірбекова.

Темірбекованың айтуынша, Ахмет Яссауи атындағы университет - Қазақстан мен Түркия арасындағы сан қырлы қарым-қатынастың жарқын үлгісі.

"Түрік жоғары оқу орнының түлегі ретінде мен үшін бейбітшілік, төзімділік және сенімге негізделген Қожа Ахмет Яссауинің философиясын бейнелейтін университеттің ректоры болып тағайындалу өте үлкен мәртебе" - деп толықтырды ректор.

Темірбекова, университетте оқыту теория мен практика негізінде жүргізілетінін атап өтті.

Темірбекова, Түркістанды облыстың орталығы деп жариялаумен университет тарихында жаңа бет ашылғанын айтып: "Түркістан қайта гүлденуде. Қалаға инвестициялар өсіп жатыр, соның арқасында жаңа жұмыс орындары құрылуда. Болашақта адам ресурстарына үлкен қажеттілік пайда болады. Бұл біздің университет үшін маңызды артықшылықтар жасап қана қоймай, бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз Түркістан әкімшілігімен үнемі бірге байланыста болып, бірге қызмет атқарамыз. Түркі әлемінің ғалымдарын Түркістанды дамыту үшін біздің университетіміз тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобаларға тартуды жоспарлап отырмыз" - деді ректор.

Сонымен қатар, Темірбекова Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің  түркі әлеміндегі тұңғыш бірлескен университет екендігіне назар аударды.

Қазіргі уақытта университетте 20 елден 11 мыңнан астам студент оқиды, деп хабарлады Темірбекова.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 1992 жылы Түркістан қаласында, Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы негізінде құрылды.

Anahtar Kelimeler: Қожа Ахмет Яссауи,

Жаңалықтар