Пәкістанда түрік сәулетшісінің қолы: Фейсал мешіті

Түрік сәулетшісі Ведат Далокайдың жобасы бойынша құрылған, әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі болып табылатын Фейсал мешіті Исламабад пен Пәкістанның символы болып саналады.

19 Nisan 2021 00:15

1966 жылы Сауд Арабиясының патшасы Фейсал ресми сапармен Пәкістанның астанасы Исламабадқа келеді. Сапар аясында Фейсал сәулет байқауы жариялайды. Байқауға 43 елден 17 жоба ұсынылады, бұл жобалардың ішінде бірінші орынға түрік сәулетшісі Ведат Далокай ие болады.

Фейсал патша бұл жобаға арнайы Пәкістанға 120 миллион доллар мөлшерінде сый тартады.

1976 жылы Фейсал деп аталған мешіттің құрылысы басталады және 1986 жылы бітеді.

Пәкістанның мешіттеріне қарағанда Фейсал мешіті ерекше сәулетімен өзіне назар аударады, сонымен қатар бұл ғибадат орнында 100 мың адамға дейін намаз оқи алады. Ғимараттың ішіне тек ғана намаз уақыты бойынша кіруге болады.

астап аяқ киімсіз қабылданатын мешітке кіруге рұқсат етілмейді.

Фейсал мешіті Исламабадтың солтүстігіндегі "Маргала Төбесі" ұлттық паркінің жанында орналасқан.

Мешітте қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде қолданылады.

Сондай-ақ, Рамазан айының келуімен қарқындылығы артып келе жатқан мешітте коронавирусқа байланысты барлық сақтық шаралар орнатылуда. 

Жаңалықтар