Парфия империясынан қалған Ниса бекінісі, Түркіменстан

Ежелгі Парфия пашалығына тиесілі Ниса қаласы заманында бас шаһар болып саналған. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде бұл жерде Парфия кезеңінен қалған ғимараттар, ғибадатханалар, қазыналар және құжаттар табылған.

29 Mayıs 2021 12:22

Заманында Парфия империясының астанасы болған Ниса, Ашхабад қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 шақырым алыстығында, Бағыр ауылынын жанында орын алуда.

Тарихи деректерге сүйенсек, Ниса бекіністері әлемдегі ең қүшті мемлекеттердің бірі болған Парфия империясы кезеңінде салынған. Сол уақыттан бері мыңдаған жылдар өтсе де, тарихи кенттің ежелгі грек және Рим өнерінің синтезі ретінде пайда болған өркениеттің іздері сақталып қалды.

Ескі Ниса бекінісі

Ескі бекініс кенттің орталығы ретінде қызмет еткен, бұл жерде көбінесе сарайлар мен ғибадат орындары тұрғызылған.

Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде бұл жерде Парфия империясына тиесілі қазыналар мен құжаттар сақталған қойма табылған. Қойманың ішінде мәрмәр, алтын, күміс және піл сүйектерінен жасалған әр түрлі артефактілер шыққан. Сонымен қатар тарихи кентте археологтар тарапынан ежелгі ғибадатхана табылған.

Бекіністе табылған сирек кездесетін фреска Парфиялық кескіндеме сәулетінің туындысы болып саналады. Парфиялықтар бұл қамалды "Митридаткирт" деп атаған. ( Митридат патшаның құрметіне)

Жаңа Ниса бекінісі

Жаңа Ниса қамалы ескі Ниса қамалынан солтүстік-батысқа қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан. Халықтың үлкен бөлігі жаңа қамалда өмір сүрген, археологиялық қазба жұмыстары қамалдың ішінде көптеген ғимараттардың салынғанын көрсетті.

Ежелгі Ниса бекіністері 2007 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген.

 

Жаңалықтар