Репетек биосфералық мемлекеттік қорығы

Түркіменстанның шөлді қорығы, Қарақұм шөлінің шығысында, Лебап провинциясында, Амударья өзенінің жанында (Джейхун) орналасқан.

04 Mart 2022 16:47

Жалпы ауданы 34 600 гектарды құрайтын табиғи қорық аймағы 1927 жылы 27 қазанда Кеңес Одағының Түркіменстан комитеті Шығыс Қарақұм табиғатын зерттеу және сақтау үшін табиғи қорық аймағы деп жариялады.

Репетек табиғи қорық мәртебесін алғанға дейін Репетек шөлді станция ретінде пайдаланылды.

Аймақ 1912 жылы Ресей географтар қоғамы тарапынан негізделді.

Репетек биосфералық мемлекеттік табиғи қорық, әлемдегі бірнеше қорық аймақтарының бірі. Бұл аймақтар халықаралық маңызға ие және ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасына енгізілген жер үсті немесе жағалаудағы экожүйелерге ие.

Табиғи қорық аймағында өсімдіктердің ерекше түрлері өседі. Аймақта өсімдіктердің 400-ге жуық түрі бар. Табиғи қорық аймағында орналасқан өсімдіктердің көптеген түрлері басқа жерлерде өспейтіндіктен, Түркіменстан үкіметі жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерін "Қызыл тізімге" енгізген.

"Құм-шөл Репетек" зерттеу орталығында және Репетек табиғи қорығында ауқымды зерттеулер жүргізілген. Зерттеулердің нәтижесінде 1000-нан астам ғылыми жұмыстар жарияланды.

Жаңалықтар