Ресей халықты эвакуациялау үшін тағы бір уақытша бітім жариялады

Ресей Украинаның 5 қаласында бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін тағы бір рет гуманитарлық дәліздер құрды.

09 Mart 2022 12:29

Ресей әкімшілігі азаматтардың Киевтен, Мариупольдан, Харьковтан, Черниговтан және Сумиден эвакуациялануы үшін Украинада бүгін, 9 наурызда, Мәскеу уақытымен 10:00-ден бастап уақытша атысты тоқтату жарияланғанын хабарлады.

Украина қауіпсіздік дәліздерінің жұмыс уақытын анықтап, Мәскеу уақытымен 3:00-ге дейін Ресеймен келісімге келуі керек.

Хабарламада Украина әкімшілігінің қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек екендігіне баса назар аударылды.

Жаңалықтар