Ресей Киев, Мариуполь, Харьков және Сумиден бейбіт тұрғындардың эвакуациялануы үшін уақытша бітім жариялады

Ресей Киев, Мариуполь, Харьков және Сумиден бейбіт тұрғындардың эвакуациялануы үшін Мәскеу сағаты бойынша 10.00-ден бастап уақытша бітім жариялады.

07 Mart 2022 12:23

Ресейдің Қорғаныс министрлігімен байланысты Украинадағы гуманитарлық араласу жөніндегі Ведомствоаралық үйлестіру орталығының жазбаша мәлімдемесінде Киев, Мариуполь, Харьков және Суми қалаларындағы гуманитарлық жағдай өте қолайсыз екені айтылды.

Франция президенті Эммануэль Макронның Ресей президенті Владимир Путиннен гуманитарлық дәліздерді ашуды талап еткені атап өтілген мәлімдемеде: "Ресей әскери күштері Мәскеу уақытымен 10.00-де Киев, Мариуполь, Харьков және Суми қалаларынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін уақытша бітім жариялады," - делінген.

Ашылатын гуманитарлық дәліздерді ұшқышсыз ұшу аппараттары қадағалайтыны туралы ақпарат пайда болған мәлімдемеде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) және Қызыл Кресттің тиісті бөлімшелері хабардар етілді.

"Біз Украинадан осы бағыттарда гуманитарлық дәліздер құру үшін барлық жағдайларды орындауды және бейбіт тұрғындар мен шетелдік азаматтардың ұйымдасқан түрде кетуін қамтамасыз етуді талап етеміз." - делінген хабарламада.

Жаңалықтар